ШҚО-да мектеп өртенді

ШҚО-да мектеп өртенді

ШҚО-да мектеп өртенді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы мектепте өрт шықты, – деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті. 7 қараша күні таңғы сағат 4:00 шамасында Т.Тоқтаров көшесіндегі екі қабатты орта мектеп ғимаратында өрт шыққан. Бірінші қабаттағы бөлмеде шыққан қызыл жалын есікті, еденді, терезе блогын, жиһазды, компьютер мен интерактивті тақтаны шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 12 шаршы метр аумақтағы тілсіз жау ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. «Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан немесе электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болуы мүмкін. Жалынды өшіруге 2 өрт сөндіру көлігі мен 7 құтқарушы жұмылдырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.