Карантин: Шымкентте шектеу шаралары 23 қарашаға дейін ұзартылды

Карантин: Шымкентте шектеу шаралары 23 қарашаға дейін ұзартылды

Карантин: Шымкентте шектеу шаралары 23 қарашаға дейін  ұзартылды
ашық дереккөзі
Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, Шымкент аумағында карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қараша сағат 00:00-ге дейін ұзартылады. Шымкент қаласының тұрғындары және қонақтары үшін:
  • адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі;
  • қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша талапты және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;
  • үйлердің аулаларына, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі;
  • қоғамдық пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына 3 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс.