Қордайда «Имамдар үйі» ашылды

Қордайда «Имамдар үйі» ашылды

Қордайда «Имамдар үйі» ашылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Қордай ауданында «Имамдар үйі» орталығы ашылды. Жаңа орталық ашық диалог пен пікір алмасу алаңына айналады, деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мұнда кез-келген адамға қазақ тілін үйретуге негізделген дәрістер, ал діни қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов, белгілі уағызшы, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев,  аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысты.