Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды

6 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды Мәскеудегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы бала көз жұмды, – деп жаздыТАСС агентігі. Мәскеудегі Тергеу комитеті Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеріс басталды. «Алдын ала мәліметке сәйкес, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда. «Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Юлия Иванова. Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.