Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды

Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды

Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
Мәскеудегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы бала көз жұмды, – деп жаздыТАСС агентігі. Мәскеудегі Тергеу комитеті Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеріс басталды. «Алдын ала мәліметке сәйкес, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда. «Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Юлия Иванова. Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.