Жаңалықтар

Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған оқушы ісіне қатысты тергеу басталды

Мәскеудегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы бала көз жұмды, – деп жаздыТАСС агентігі.

Мәскеудегі Тергеу комитеті Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеріс басталды.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Юлия Иванова.

Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.

Back to top button