Голощекиннің бес бағыты

Сондай-ақ!

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі. ⠀ 2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан...

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты. Ашық аспан режимінде жұмысын бастап,...

Қазақ елінде Голощекиннің қолдан ұйымдастырған ашаршылығы өткен ғасырдағы ұлтымыздың басына төнген ең қасiреттi нәубет болып есептеледi. Ашаршылық әсіресе 1931-33 жылдары қатты белең алды десек те, ол зұлматтың басы 1930 жылдың жазынан басталып, зардабы 1934 жылдың аяғына дейін созылған. Ашаршылыққа елдегі жаппай ұжымдастыру мен ет және астық дайындау науқаны негізгі себеп болды. Қазақстанда колхоздарды ұйымдастыру 1928 жылы шындап қолға алынғанымен, шындығында колхоздастыру біздің елде 1922 жылдан бастау алған. Бірақ бұл процесс 1926 жылға дейін баяу жүрген. Колхоздарды ұйымдастыру баяу жүрсе де, 1927 жылы бүкіл республикада колхоздар саны 1072-ге жеткен. 1928 жылы олардың саны-2354-ті құраса, 1929 жылы 4876-ға дейін өскен. Олардың 611-і Сырдария және Жетісу губернияларына тиеслі болды. 1930 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы барлық шаруашылықтардың 65 проценті коллективтендірілді[М.Әбдәкімұлы. ХХ ғасыр басындағы зұлматтар. //Жалын.- 2014.- №5].

1930-31 жылдары колхоздастыру кезеңінде жергілікті белсенділер мен ОГПУ, НКВД қызметкерлері барлық жерлерде жұртты жаппай ұжымдасуға күштеп көндіруге кірісті. Малдың 70-80 пайызы колхоз меншігіне өткізілді. Алқаптардағы егін ұжымшарлардың қоймаларына жиналды. 1931 жылы колхоздасуға ұйымдастыру науқаны ерекше өріс алды. Өлкелік партия ұйымы аудандарда ұжымдасу процесі нашар жүріп жатқанына дабыл көтеріп, жергілікті басшыларды жазалауға дейін барды. Нәтижесінде бір колхоз бір колходан мал, астық және басқа да заттар еншілеу мақсатында бәсекеге түсті. Халықтан малы мен астығын алу үшін жергілікті басшылар неше түрлі қулыққа барған. Тіптен үкімет «Контрактация» дегенді ойлап тапты. Ол бойынша жеке шаруа жаңадан туған төлін 17 айға дейін өлтірмей сақтап өкіметке өткізу керек болды. Өліп қалса «халық жауы» ретінде сотталады[С.Жүсіп. Ашаршылық ақиқаты.-Алматы,2015.-415б].

Қазақтың бақытсыздығына орай 1931 жылдың қысында қар қалың түсіп, күн бірден суытқан. Колхоздардағы бір ортаға жиналған мал арам қата бастаған. 1927 жылы бүкiл Қазақстанда мал саны 42 миллион болса, 1933 жылы 3 млн. 989 мыңға түскен. 1927 жылы Сырдария округiнде 6 млн. 680 мың бас мал болса, 1934 жылға қарай барлық төрт түлiктiң саны 800 мыңға да жетпеген.

Жалпы, Голощекин қазақ халқын қырғынға ұшырату үшiн 1926 жылдан бастап бес бағыт бойынша дайындалған.

Бiрiншi бағыты – ел қамын ойлайтын ақылды да халықшыл қайраткерлердi билiк басынан кетiрiп, олардың орнына сауаты төмендеу, өзiнiң айтқанынан шықпайтындарды iрiктеп алуға арналды.

Екiншi бағыты –  ОГПУ мен НКВД-ның жергiлiктi жерлердегi өкiлдерiнiң өктемдiгiн күшейту және кедей таптың арасынан iрiктелген кiсiлердi түрлi дәрежедегi уәкiлдер мен ауыл белсендiлерi етiп тағайындаумен байланыстырылды.

Үшiншi бағыты – кеңестiк жүйеге орай типтендiрiлген «бай шаруашылықтарды» жоюға бағышталды. Голощекин Қазақстандағы «бай шаруашылықтар» иелерiн «Бұрынғы заманды аңсайтын феодалдар, жұрттың еңбегiн қанайтын үстем тап өкiлдерi, сондықтан да оларды мал-мүлiктерiнiң бiрiн де қалдырмай тәркiлеп, өздерiн соттап, болмаса қиыр шеттерге жер аударып жiберу керек!» деп ұрандатты. Ұранға алғаш ергендер және оған жанын сала кiрiскендер әлгi ОГПУ, НКВД қызметкерлерi мен ауылдардың шолақ белсендiлерi болды.

Төртiншi бағыты – ауыл-ауылдарды жедел түрде колхоздастыруға үндеген бастамасына сәйкестендiрiлдi. Осының кесiрiнен кеңестiк жаңа жүйенiң мәнiсiн түсiнбеген жұрт айналада қандай қоғамдық өзгерiстер болып жатқанын, мұндай саясаттың болашағы неге апарып тiрейтiнiн бағамдай алмағандықтан әрi-сәрi күйге түстi. Тiршiлiгiнiң шырқы бұзылған халық 1929-31 жылдары тиiстi көлемдегi егiстiк жерлерге егiн еге алмады. Колхоздар құрылғанымен, оның базаларында шаруашылық жұмыстарын жүргiзетiн құрал-саймандары болмады. Колхоздың бар байлығы малмен шектелдi. Аз ғана жерге егiлген астықтан жұртқа үлес таратылмай, жиналған өнiмнiң бәрi мемлекет бекiткен салықтың жоспарын орындау үшiн аудан, қала орталықтарындағы қоймаларға жөнелтiлдi.

Бесінші бағыты – елдi тiкелей ашаршылыққа әкеп тiреген ең нәтижелi және қорытынды жоспары болды. Голощекин Қазақстанды өркендетудi, түрлi жұмыстар мен жоспарларды рет-ретiмен iске асыруды қағаз жүзiнде көрсетiп бекiткенiмен, бар тараптағы iс-әрекет белгiлi тәртiппен жүрмедi. Елдегi барлық басшы қызметкерлердi, аудан, ауыл көлемiндегi белсендiлердi жалаң ұранға елiктiрiп қойды. Осыған байланысты көктемгi және күзгi егiс қажеттi көлемнен әлдеқайда аз егiлдi[М.Әбдәкімұлы.Түркістан өлкесіндегі ойран. – Алматы.2016.-440б].

Біз бұл мақалада өткен ғасырда елімізде орын алған ашаршылықтың келіп шығуының астарына үңіліп көрдік. Осы бiр қысқаша мағлұматтардың өзiнен-ақ пайымды кiсi сол бiр зұлмат жылдарда iске асқан барлық қасiреттердiң астарын түсiне алар деген ойдамыз.

 

                                               Абдулла БЕКӘДІЛҰЛЫ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...
отшашу

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...