WhatsApp-тағы хабарламалар енді өздігінен жойылады

WhatsApp-тағы хабарламалар енді өздігінен жойылады

WhatsApp-тағы хабарламалар енді өздігінен жойылады
ашық дереккөзі
WhatsApp компаниясы пайдаланушыларға 7 күннен кейін автоматты түрде жойылатын хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін жаңа фунцияны жариялады. Функция осы айдан бастап іске қосылады.  Бұл сақталған барлық хабарламаларыңыз бұдан кейін 7 күннен ұзақ сақталмайды деген сөз емес. Функцияны өзіңіз қалаған уақытыңызда, қалаған адам үшін қосып-өшіре аласыз. Бұл әсіресе топтардан келіп, толып қалатын хабарламалардан құтылуға ыңғайлы. Бірақ топ үшін бұл мүмкіндікті тек топ әкімшілері қоса алады. Өздігінен жойылатын деректер қатарына суреттер, аудиожазбалар, бейнежазбалар, құжаттар да кіреді. Бұл параметр өзі қосылғанға дейінгі ескі хабарларды жоймайды, жаңа хабарламаларға ғана әсер етеді. Алушылар да хабарламаларды, файлдарды 7 күн ішінде сақтай алады.