Астана Опера театрының балеті бірінші орынға ие болды

Астана Опера театрының балеті бірінші орынға ие болды

Астана Опера театрының балеті бірінші орынға ие болды
ашық дереккөзі
Отандық балет жұлдызы, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Сеулдегі (Корея Республикасы) XIII Халықаралық би байқауында жеңіске жетті. Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әртіс «Классикалық би» санатының ерлер арасындағы ересектер тобында виртуоздық техникасы және жоғары кәсіби орындауымен тек көрермендердің ғана емес, әділ қазылардың да назарын  жаулап алып, 1-ші орынға ие болды. 6 мен 10 тамыз аралығында Корей Ұлттық театрында бүкіл дүние жүзінің мықты балет әртістері жүлделі орындар үшін күресті. 11 жастан 35 жасқа дейінгі бишілер үш санатта сынасты - классикалық, қазіргі заманғы және халық биі. 11 тамыз марапаттау рәсімі өтті, ал 12 және 13 тамызда жеңімпаздар қатысуымен салтанатты Гала-концерт ұйымдастырылады. Әділқазылар алқасының құрамында «Астана Опера» театры балет труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиевте кірді. Балетмейстердің айтуынша, бүкіл әлемдік балет элитасын баулыған жобаға қатысу, - үлкен құрмет және жауапкершілік. «Бүгінгі күні біздің әртістеріміздің шығармашылық әлеуеті өте жоғары, әрі  күрделі спектакльдер қойылымдарын жүзеге асыруға, алдыңғы қатарлы әлемдік алаңдарда табысты өнер көрсетуге, айтулы байқауларда жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік береді. Біздің тәрбиеленушілердің табыстары, олардың кәсіби шеберліктері мен олардың балет өнеріне деген махаббаттары мені терең тебірентті. Халықаралық деңгейдегі мамандардың қазақстандық әртістерге берген жоғары бағалары біздің тамаша Отанымыз үшін мақтанышымызды толықтырады», - деді Тұрсынбек Нұрқалиев. Естеріңізге сала кетейік, Бақтияр Адамжан жақында Ыстамбұл (Түркия) қаласынан жеңіспен оралды және апталық демалыстан кейін жаңадан күш жинаған ол Сеулдегі байқауға қатысу үшін дайындыққа кірісті. Әртістің бағдарламасына классикалық балеттерден варицациялар енді: Л. Минкустың «Баядеркасы», Б. Асафьевтың «Париж жалыны», Ц. Пунидің «Эсмеральдасы», сонымен қатар ол үшін арнайы белгілі қытайлық хореограф Исян Чжанның қойылымындағы «Ояну сәтінде» (In the wake) атты заманауи туынды жазылды. Бишінің пікірінше, өнеріңнің табысты шығуы үшін, ең бастысы - жақсы көңіл-күй, тамаша физикалық нысан және позитивті көңіл-күй қажет.