«Баспа ісі» мамандығы бойынша халықаралық онлайн-олимпиада өтіп жатыр

«Баспа ісі» мамандығы бойынша халықаралық онлайн-олимпиада өтіп жатыр

«Баспа ісі» мамандығы бойынша халықаралық онлайн-олимпиада өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы аясында Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Баспа ісі мамандығы бойынша халықаралық онлайн-олимпиада өтіп жатыр.  width= Дәстүрлі түрде өткізілетін болашақ баспагерлер арасындағы олимпиадаға алғаш рет Ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Екі тілде өткізілетін онлайн-олимпиадаға Қазақстан және Ресейден барлығы 10 команда баспа саласындағы білімдерін сынауда. Атап айтар болсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 4 команда, Ресейден Қиыр Шығыс федералды университетінің баспагерлер командасы, Орал федералды университеті, Томск мемлекеттік университеттері қонақ ретінде қатысса, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен бес команда бақ сынап жатыр.  width= Халықаралық онлайн-олимпиаданың мақсаты – болашақ баспа ісі мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту. Сондай-ақ, баспа ісі мамандығының сапасын арттыру, талантты, білімді, үздік студенттерді анықтау, болашақ мамандардың редекторлық шеберліктерін дамытуды көздейді. Онлайн-олимпиадаға қатысушылар теориялық білімдерін анықтау  үшін тест сауалдарына жауап берсе, шығармашылық шеберліктерін эссе жазып, мәтінді редакторлық өңдеу арқылы көрсетеді. Сонымен бірге қатысушылар үй тапсырмасы ретінде команданың бағыт-бағдарын айқындайтын видеороликтер дайындайды. Халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысушылардың білім мен білігін кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы сарапқа салады. Қазылар алқасының төрағасы елімізге танымал «Фолиант» баспасы ЖШС бас директоры Нұрлан Исабеков, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков, ҚР Жазушылар одағының «Нұр-Сұлтан» қаласындағы филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы, республикалық «Айқын» газетінің тілшісі Амангелді Құрмет, «Фолиант» баспасының бас рекдакторы Александр Юрьевич Серов (Ресей) пен «Кәусар» баспасының директоры Қуат Құрмансейіт жас баспагерлер арасынан үздіктерді іріктейді.  width= Онлайн-олимпиада Microsoft Teams  платформасында өтіп жатыр. Онлайн олимпиадада болашақ баспагерлердің цифрлық технологияны меңгеруі, теориялық білімдері мен шығармашылық шеберліктерін байқататын түрлі тапсырмалар беріледі. Халықаралық онлайн-олимпиаданың жеңімпаздары «Үздік эссе», «Үздік редактор», «Үздік баспагер-редактор» номинациялары, сондай-ақ белсенді өнер көрсеткені үшін дипломдармен марапатталады.