Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу кестесін неге сақтамайды?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осы айдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу кестесін сақтамау себептерін талқылайтынын айтты.

«Қырғызстанмен трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық Шу және Талас өзендері бойынша жүзеге асырылады. Су ресурстарын бөлу 1983 жылғы ережелермен реттеледі. Сондай-ақ 2000 жылдан бастап Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы үкіметаралық келісім қолданылады», – деді ол Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қазақстан осы келісім бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Сонымен қатар қырғыз тарапы да Қазақстанға негізінен Шу өзенінің бассейнінде орналасқан мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін мерзімді түрде сақтамайды.

«Біздің өңір қазір суы аз табиғи кезеңге тап болды. Өз кезегінде, су беру кестесін сақтамаудың барлық себептері алдағы қараша айының соңында өтетін комиссия отырысында талқыланады. Қазіргі уақытта су беру кестесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында келесі жылдарға нақты шаралар қабылдануда. Қазақстан тарапы Киров су қоймасындағы (Қырғызстан) жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл су қоймасын жинақтау режиміне өткізуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде осы жайт келесі вегетациялық кезеңге қажетті су көлемін жинау үшін үлкен септігін тигізеді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Back to top button