Солтүстік Кореяның қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынды

Солтүстік Кореяның қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынды

Солтүстік Кореяның қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея елінің Жоғары ұлттық жиыны тұрғындар арасында «гигиеналық орта» қалыптастыру үшін қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынды. Бұл туралы KCNA агенттігіне сілтеме жасай отырып The Guardian басылымы хабарлайды. «Темекі шегуге тыйым салу туралы заң темекіні өндіру және сатуды құқықтық және әлеуметтік бақылауды қатайту есебінен солтүстіккореялықтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған»,– деп жазылған заң шығарушы органның хабарламасында. Аталған елде ендігі кезекте саяси және идеологиялық білім беру орталықтары, театр, кинотеатр, медициналық мекемелер және денсаулық сақтау мекемелерінде темекі тартуға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2013 жылы Солтүстік Кореяда темекі тартатын ер адамдар саны 43,9%-ды құраған. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның да шылымқор екені белгілі, оның темекі тартып тұрған суреттері мемлекеттік БАҚ-тарда жиі жарияланады. Мәселен, төмендегі суретте 2019 жылы Ханойға АҚШ Президенті Дональд Трампен өтетін саммитке қатысуға бара жатқан Ким Чен Ынның жолай Қытайдың Наньнин қаласындағы теміржол станциясына тоқтап, темекі тартып тұрғанын бірқатар БАҚ жариялаған болатын.  width=