Абайдың балаларға арналған «Қара сөздері»

Абайдың балаларға арналған «Қара сөздері»

Абайдың балаларға арналған «Қара сөздері»
ашық дереккөзі
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» ерекше пішінде жарық көрді. Ерекшелігі сол, ұлы ақын кітабының жаңа нұсқасы қазақстандық оқушылардың суреттерімен безендірілген. Кітапты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «BAURZHAN Foundation» жеке қайырымдылық қоры «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қорымен бірлесіп шығарып отыр. «Қара сөздердің» бұл басылымын шығару «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. Қазақ және орыс тілдерінде  5000 данамен басылып шыққан бірегей нұсқа еліміздің мектептері мен балалар үйлеріне және кітапханаларға тегін таратылады. Сондай-ақ кітаптың біраз данасы Ресейдегі 20 қазақ мектебіне де жеткізілмек.  width= «Осы жобамен біз балалар мен жастарды шығармашылыққа тартып, ұлы ойшыл сөздерінің құндылығын әр адамға жеткізгіміз келді. «Қара сөздер» біздің заманымызда өзекті болып қала береді, өйткені оларда кез-келген дәуірде маңызды болатын адами құндылықтар қамтылған. Біз бұл шығарманы қайта оқи отырып, адамдардың өз өміріндегі ойлары мен тұжырымдарын түсініп, қабылдай алуын қалаймыз», ­– деп атап өтті «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев. Қара сөздердің бұл басылымына балалар қолынан шыққан 90 сурет енген, олардың 45-і «қара сөздердің» қазақ тіліндегі түпнұсқасын безендірсе, тағы 45-і орыс тіліндегі тәржімасына иллюстрация ретінде қолданылған. Бұл суреттер биылғы балалар сурет байқауының жеңімпаздарына тиесілі болса, сонымен бірге «Қара сөздер» кітабына балалар салған ақынның портреттері де енген. «Ұлы Абай өзінің басты шығармасының әр жолында сөзді шебер қолданған, ол халық шығармашылығы мен тұрмысын осы күнге дейін өзекті болып келген мағыналарын бірнеше деңгейімен тамаша ұштастыра білді. Мүмкін, бұл Абай шығармаларының басқа тілдерге аударылуында қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан бізде ойшылдың қара сөздерін 45 астарлы әңгіменің әрқайсысына сүйенген балалардың суретімен біріктіру идеясы пайда болды», – деп түсіндірді «BAURZHAN Foundation» қорының жоба үйлестірушісі Саида Ибрагимова.