Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Дмитрий Баландин Универсиада-2017 алауын алып жүреді

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Универсиада-2017 алау эстафетасының алғашқы қатысушыларының бірі болмақ. Бұл туралы 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасы дирекциясының менеджері Кирилл Пяртель хабарлады. «Олимпиада қорытындысы жарияланғаннан кейін-ақ, ұйымдастырушылар комитеті ресми іріктеу байқауының басталуын күтпестен, Универсиада алауын алып жүру мәртебесін Дмитрий Баландинге беру туралы шешім қабылдады. Мұнда оның Алматыда туып-өскені, Алматыдағы ЖОО-да білім алып жатқаны да ескерілді», – деп түсіндірді дирекция.

Алау эстафетасына барша Қазақстаннан 1 000 адам қатысады. «Алау ұстаушылардың 75% студенттер болмақ. Студенттер арасынан спорт, ғылым, мәдениет сынды өзін жан-жақты қырынан көрсетіп жүрген үздік студенттер таңдап алынады», – деді К.Пяртель.

2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасына қатысушыларды ресми іріктеу байқауы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде басталады және 16 желтоқсан күні алау ұстаушылардың қорытынды тізімі жарияланады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button