COVID-19: Түркия өз вакцинасын сынауға кірісті

COVID-19: Түркия өз вакцинасын сынауға кірісті

COVID-19: Түркия өз вакцинасын сынауға кірісті
ашық дереккөзі
Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина сынағының алғашқы кезеңі басталды. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «Бүгін Түркияда отандық вакцина алғаш рет еріктілерге егілді. Екпенің клиникалық сынағының алғашқы кезеңі Эрджиес университетінде өткізілуде», - деді министр журналистерге. Бұған дейін Фахреттин Қожа Түркияда коронавирус пандемиясы екінші шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеген болатын. Өткен тәулікте елде вирус жұқтырудың 2391 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл – сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш. Желтоқсанда Түркияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Елдің денсаулық сақтау министрінің айтуынша, осы мақсатта Қытайдың «SinoVac» компаниясынан «CoronaVac» екпесінің 5 миллион дозасы сатып алынған.