Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда қате нәтиже көрсетеді – сарапшы

Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда қате нәтиже көрсетеді – сарапшы

Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда қате нәтиже көрсетеді – сарапшы
ашық дереккөзі
Коронавируқа тест 30-40% жағдайда қате нәтиже көрсетуі мүмкін. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологі, Сеченовский университетінің пульмонология кафедрасының меңгерушісі Сергей Авдеевтің пікірінше, бұған сынаманың дұрыс алынбауы себеп, деп жазады ТАСС Дәрігердің сөзінше, инфекцияға шалдыққан 95% адамның инкубациялық кезеңі 2 күннен 6 күнге созылады. «Біз тест-жүйесіне еш күмән келтірмейміз. Тек тәжірибемізде тестілеудің жалған нәтиже көрсететін жағдайлары болуы мүмкін. Қаншалықты жиі: шамамен 30-40% жағдайда. Мәселе тестілеудің сапасында емес, анализді дұрыс алмауда болып тұр. Анализ сапасыз алынса, жалған нәтиже көрсетуі мүмкін», - дейді С.Авдеев. Сондай-ақ, ол адамнан материалды алу уақыты да маңызды екенін атап өтті. Себебі аурудың алғашқы кезеңінде ПТР-тестінің оң нәтиже көрсетуі жиірек кездеседі. Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар күннің суытуы коронавирустың таралуына қалай әсер ететінін айтқан болатын. Мамандардың пайымынша, суық мезгілде COVID-19 инфекциясының таралуы күшеюі мүмкін. Себебі ол уақытта адамның иммунитеті төмендейді. Күн суық кезде бөлменің аз желдетілуі, адамдардың жабық ғимарат ішінде көп жүруі де вирустың таралу қарқынын арттырады.