Оразгелді Қайыргелдинов қамауға алынды
Оразгелді Қайыргелдинов қамауға алынды
Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, департамент Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Ол пайдалану үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет есебінен 240 миллион теңге көлемінде заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда», – делінген департамент таратқан мәліметте.
Сотқа дейінгі тергеу ақпараты жария етілмейді.
Еске салайық, Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.