WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған бір топ адам сотталды

WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған бір топ адам сотталды

WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған бір топ адам сотталды
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі сот Шалқар қаласының үш тұрғынын алты жарым жылдан сегіз жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Олар телекоммуникациялық желі арқылы терроризмді насихаттау немесе терроризм әрекетін жасауға көпшілікті үгіттеу фактісі бойынша кінәлі деп танылды.
36 жастағы инженер-технолог Мейрамбек Тұрғанбаев алты жарым жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды. Темір жолдың бұрынғы 38 жастағы жұмысшысы Төлебай Мәжитов және жұмыссыз 36 жастағы Ерғожа Аманғожин әлеуметтік және діни араздық туғызды деп айтыпталды. Сот олардың әрқайсысын сегіз жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сот материалы бойынша, сотталған үшеу WhatsApp мессенджерінде конференция-чат ашып, Қазақстанда тыйым салынған сайттардың материалдарының сілтемелерімен бөліскен делінеді. Тергеу мәліметіне қарағанда, чатта 12 адам тіркелген болса, солардың үшеуі ерекше белсенділігімен назарға іліккен. Мәжитов «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашқан. Сотталушылардың адвокаттары Раушан Ізтілеуова және Бауыржан Ерманов сот үкімімен келіспейтіндерін, үкімге шағым түсіретіндіктерін айты. Қорғаушылардың пікірлерінше, сотталушыларды 2 маусымда, Ақтөбедегі қарулы шабуылдан соң оларға тым ұзақ жаза шығарып отыр. Ақтөбеде 5 маусымда тіркелген қарулы шабуылды қазақ билігі "теракт" деп атаған еді.