Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді

Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді

Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді
ашық дереккөзі
Коронавирустың қайта өршуіне байланысты Италияда қатаң карантин режимі қайта енгізілді. Шектеу шаралары 3 желтоқсанға дейін созылады, деп хабарлайды ANSA Италия тұрғындары кешкі сағат 22:00-ден бастап таңғы 05:00-ге дейін үйлерінен шыға алмайды. Мектеп автобустарын қоспағанда қоғамдық көліктердің сыйымдылығы 50% -дан аспауы шарт. Сондай-ақ, орта мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Демалыс күндері мұражайлар мен сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Италияның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы тәулікте елде COVID-19 жұқтырудың 30 550 жаңа жағдайы тіркелген. Коронавирустан 24 сағат ішінде 353 адам көз жұмған. Елде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың жалпы саны 39 764 адамға жетіп отыр.  Айта кетейік, Үндістанда да індеттің таралу қарқыны күрт артты. Соңғы тәулікте елде 50 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Ел астанасында 7 мыңға тарта адамнан қатерлі вирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген рекордтық көрсеткіш.