Ресей Google-ге 6,8 миллион доллар айыппұл салды
Ресей Google-ге 6,8 миллион доллар айыппұл салды
Ресейдің федералдық монополияға қарсы қызметі Google компаниясына "Бәсекелестікті қорғау туралы" заңды бұзғаны үшін 438 миллион рубль немесе 6,8 миллион доллар көлемінде айыппұл салды.
Федералдық қызметтің хабарлауынша, айыппұл мөлшері ішкі нарықта Google Play қосымшасы арқылы жасалған сауданы ескере отырып анықталған. Америкалық интернет компаниясы федералдық қызмет шығарған шешімді зерттеп жатқанын мәлімдеді.
Ресейлік Yandex'тің былтыр қыркүйектегі шағымынан соң, федералдық қызмет Google компаниясы Android жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік телефон өндірушілерден Google қосымшасын тіркеуді талап ету арқылы, ресейлік заңнамаларды бұзды деген қорытынды шығарған. Мекемедегілер телефондарда Yandex секілді басқа да компаниялардың қосымшаларын тіркеуге шектеу қойылған деп мәлімдеді.