Жаңалықтар

Ираннан келген қандастар баспанасыз жүр

ашық дереккөзі

Ираннан келген қандастар баспанасыз жүр

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 2010 жылы салынған «Қан­дастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап атауы өзгертіліп, «Әлеуметтік жатақхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне айналған. Өйткені онда Өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан және Иран елінен көшіп келген қандастардан басқа қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңын­да қандастарды бейімдеу және уақытша орналастыру орталықтары қызметін өңір­дегі жергілікті әкімшілік ұйымдастыратыны жайлы жазылған. Онда қандастардың «тұр­ғын үйі болмаған жағдайда бейімдеу не­месе уақытша орналастыру орталық-та­рында бір жылдан аспайтын мерзімге тіркелу құқығы бар» екені көрсетілген. Алайда, осы уақыт ішінде мемлекеттік бағ­дарламамен келген қандастар баспана алуы, жер алуы немесе квотамен қамтылуы қажет болатын. Иран елінен көшіп келген бірнеше қан­дасымыз түрлі себептермен бір қандастарға рет­кі мемлекеттен берілетін квота және бас­пана ала алмай қалғанын айтып, хабар­лас­қан еді. Олардың айтуына қарағанда, жер­гілікті әкімшілік қазір тұрып жатқан «Әлеуметтік жатақханадан» шығуды талап еткен. Осы мәселеге орай Тúrkistan апталы­ғының қандастарға арналған Atajurt жобасы аясында арнайы іссапармен Ақтау қа­ла­сына барып, қандастармен кездесіп, жағ­дайларын өз көзімізбен көріп қайтқан  едік. «Әлеуметтік жатақхана» коммуналдық ме­кемесінің әкімшілігінен мәселенің анық-қа­нығын сұрап көріп едік, «тиісті жауапты қа­лалық әкімшіліктен аласыздар» деп жауап беруден бас тартты. Жатақана әкімшілігі қандастармен жатақхананың ауласында кез­десіп, сұхбаттасуға кедергі келтірген соң, олармен сыртта сөйлесуге тура келді. Қазақ НОСРАТБИБІ, Иран елінен көшіп келген қандас: – Осы жақтың әкімшілігінен адамдар Иран еліне барып, бізді мешітте тізімдеп алды. Сол жерде бізге құжаттарға қол қойдырды. «Біз сіздерге қарасамыз, көшіп келген жол ақшаларыңыз қайтарылады. Барған соң баспана беріледі», – деп көшіріп алып келді. Біз көшіп келе жатқанда айтты: «Сіздер елге жеткен соң, құжатқа жасауға әуре болмайсыздар, өздері рәсімдеп береді. Қарсы алатындар қастарыңызда жүреді» деп. Мында келгенде ондай еңшетең болған жоқ. Сол келген отбасылардың біразы үй және квотасын алды. Біз ала алмай қалдық. Не үй не квота тимеді. Тек біз ғана емес, басқа да отбасылар бар, үй ала алмай қалған. Кейбірі қайтадан Иран еліне көшіп кетті. Біз қайта көше алмай қалдық. Мен Иран елінде кілем тоқитын едім, жолдасым Әбдірахман Бабық көлік айдып, жүк тасымалдаумен айналысатын. Екеуміздің де жұмысымыз бар еді. Қазір көше сыпырушы болып жұмыс істеймін, айына 40 мың теңге аламын. Үйдің кезегіне тұруға барсам «сіз үйдің кезегіне тұра алмайсыз,  себебі  Иран елінің азаматысыз» дейді. Содан азаматтық алдым. Енді үйдің кезгіне тұруға барсам тағы да болмайды дейді. Неге десем, «сіз оралман емессіз, Қазақстан азаматысыз» дейді. Жолдасымның атынан құжат тапсырып көріп едік, «үшінші топтағы мүгедек емес» деп тағы да қабылдамай қойды. Жағдайымызға қараспаса, Ираннан бізді не үшін көшіріп әкелді? Келгенімізге 10 жылдан асты, әлі үйіміз жоқ. Қазір тұрып жатқан «Әлеуметтік жатақханадан» да шығыңдар деп жатыр. Біз енді қайда барамыз?