Түркиядағы зілзала: Қандастардың жағдайы қалай?

Түркиядағы зілзала: Қандастардың жағдайы қалай?

Түркиядағы зілзала: Қандастардың жағдайы қалай?
ашық дереккөзі
30 қазан күні Түркия уақытымен сағат 14:51-де Измирдің Сеферихисар ауданынан 17 шақырым қашықтықта 7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзала толқыны Түркия мен Грекияның кейбір аймақтарына дейін жетті. Апаттан аса қатты зардап шеккен қала Измир болды. 3 қазан күні Anadolu агенттігі қалада жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 102-ге дейін жеткенін хабарлады. Құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Осы орайда Измир қаласында тұратын қандастарымыздың жағдайын білу үшін сол жақта тұратын қазақтармен байланысқа шыққан едік.  width= Толғанай ТӨЛЕУБАЙ, Измир қаласы, Сельчук ауданының тұрғыны:

Зардап шеккен қазақтар да, Қазақстан азаматтары да жоқ

– Қазір қалада жағдай біршама тұрақтанды. Бірақ құтқару және із­деу жұмыстары әлі тоқтаған жоқ. 70 шақты адамның денесін үйінді ас­ты­нан шығарды,  900-ден астам адам жарақат алған. Білуімше, зардап шеккен қазақтар да, Қазақстан азаматтары жоқ. Бірақ оны елшіліктен нақ­ты­лап білуге болады. «Түр­киядағы қазақ­стандықтар» деген Facebook парақ­шамыз бар, сол жер­ден біліп, жағ­дайымыздан хабардар болып отырмыз. Қатты зілзаладан дүние-мүлкіне зақым келгендер бар, Стамбұлда тұратын қазақтардың ай­туынша, зілзала ол жақта да се­зі­ліпті. Измирдің Сельчук деп аталатын ауданында 4 қабатты үйде тұрамын. Өмі­рімді бірінші рет зілзаланы ба­сым­нан өткеріп тұрмын. Әрине, қат­ты қорықтық: үй төбеңе құлай­тындай шайқалды. Негізі, мен тұра­тын аудан эпицентрге жақынырак. Бірақ Байрақты мен Борнова аудандарында үйлердің қирауы ғимарат­тардың техникалық (апаттық) жағ­дайға сай еместігінен болған. Со­ған байланысты тергеу және зерт­теу жұмыстары жүріп жатыр. Сеферихисар ауданы зілзаладан қат­ты зардап шекті. Ол жақты су ба­­сып кетті. Ал құлаған 20 шақты үй, басқа да зақым келген ғи­марат­тар үшін 9 адам жауапкершілікке тар­тылды. Себебі, бұл жақ – сейс­ми­калық қауіпті аймақ бол­ғандық­тан, ғимараттар стандартқа сай салынуы тиіс. Ал қираған үйлер аталған стан­дарттарға сай салынбаған­дық­тан құлаған. Бір үйдің астыңғы қабатын­да орналасқан дүкен иесі де жауапкершілікке тартылды. Себебі дүкенді кеңейтемін деп, ғимараттағы тіреу бағаналарын алғызып тастаған екен. Соның кесірінен көпқабатты үй құлап, қаншама адам зардап шек­ті. Измирде Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби плаза» сияқты биік үйлер көп. Бірақ оларға ешқандай зақым келмеген. Себебі олар ережеге сай са­лын­ған. Осы жерде тіреу бағана­лары­ның, үй салудағы ережелердің маңызын баса атап өткім келіп отыр. Қазақстанда тұрғанда көрші­лері­міздің көбі күрделі жөндеу ке­зінде қабырғаларды өз еріктерінше ауыстырады. Әкімшіліктен рұқсат алудың оңай екенін де айтатын. Бұл – өте қауіпті нәрсе, мейілінше тыйым салынуы керек деп ойлаймын. Бір ғана тірек қабырғаларын алып тас­тау қаншама адамның өмірін қи­ды...    width= Талха ГЕЗЕР, Стамбұл қаласының тұрғыны:

Стамбұл қаласында да 7,5-8 балдық жер сілкінісі болады деген болжам бар

– Жер сілкінісі кезінде Стамбұл қаласының Кучукчекмидже деген ауданында болдым. Дүмпу Стамбұл мен Бурса қалаларында да сезілді. Из­мир мен Стамбұлдың арасы 300 шақырымдай. Ол кезде мен жұмыста отырғанмын. Біздің офисіміз 30 қабатта. Шамалы ғана сезілді. Мен қан қысымым түсіп, басым айналып кетті ме деп ойлағанмын. Сөйтсем, жер сілкініп жатыр екен. 1 минуттай шайқалдық. Жер сілкінісінен Түркиядағы қазақтар зардап шеккен жоқ: жа­рақат алыпты не қайтыс болыпты я болмаса баспанасы қирапты деген хабарды естімедік. Құлаған үйлердің көбісі 2000 жылдардан бұрын са­лынған үйлер екен. 1999 жылы Стамбұлда 7,8 балдық жойқын зілзала болған. Сол кезде 25-30 мыңдай адам қаза тапқан. Содан кейін үй­лерді салуға байланысты заңдар қабылданып, үй салу кезіндегі талаптар қатаңдана түскен болатын. Одан бұрын салынған үйлер әлі де қауіпті болып тұр. Негізі, Түркияның ба­тысы да, шығысы да, орталығы да сейсмологиялық жағынан қауіпті са­налады. 6,5-8 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін. Үкімет қолынан кел­генінің бәрін жасап, үйлерді тү­гелдей қатаң талаптарға сай жаңар­туға тырысып жатыр, сонда да үл­геру қиын болып тұр. Алдағы уақытта Стамбұл қала­сында да 7,5-8 балдық жер сілкінісі болады деген болжам бар. Ертең бе, бір айдан кейін бе, жоқ бір жылдан кейін бе, ол да белгісіз. Әрине, апаттан сақтасын, аманшылық болсын, бірақ мұндай жағдайға Стамбұл дайын емес. Түркияға көшіп келемін де­ген ниеті бар адамдар мейілінше жаңа үйден пәтер алуға тырысуы керек.  width= Әлия УЧСАЛ,Измир қаласы Торбалы ауданының тұрғыны:

Пәтеріміздің қабырғасы жарылды

– Мен Измир қаласының Торбалы ауданында тұрамын. Жер сілкінісінен зардап шеккен жоқпыз. Бұған үйіміздің бірінші қабатта (Қа­зақ­стан­дағы 2 қабат) орналас­қаны себеп болған шығар деп ойлаймын. Жер сілкінісі басталған кезде үйде әдет­тегідей бейқам отыр­ғанбыз, со­дан кейін қатты шайқала бас­тады, пәтердегі жиһаздар, ыдыс-аяқ, басқа да тұрмыстық заттар бүлінген жоқ, бірақ пәтеріміздің бір қабырғасы жарылды. Ол пәтерді жалға алып тұрып жатырмыз, артынша бәрі ба­сыл­ған соң, үй иелерін хабардар еттік.