Карантин: Оралда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Карантин: Оралда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Карантин: Оралда көлік қозғалысына шектеу қойылды
ашық дереккөзі
Орал қаласының бас санитар дәрігері қала аумағында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы қаулысын толықтырды. Атап айтқанда, автокөлік қозғалысына сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеу қойылады. Алайда жедел жәрдем, апаттан құтқару қызметтері мен арнайы органдардың, Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың (коммуналдық қызметтер),  кәсіпорындардың түнгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлерін (жұмыс орнынан растайтын анықтама ұсынылған кезде) тасымалдайтын көлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат етіледі. Сондай-ақ шұғыл қажеттілік жағдайларында жеке көлікпен жүруге болады (медициналық мекемеге, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы заттарды сатып алу үшін дәріханаларға бару). Жеке және заңды тұлғаларға басқа да дәлелді себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда, stopcovid.kz сайтына тіркелу керек немесе "109" телефоны арқылы өтінім қалдырады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шектеу шаралары қабылданды.