Жаңалықтар

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа бір ай болды

ашық дереккөзі

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа бір ай болды

Әзербайжан Қарулы күштері 30 күн ішінде 30 жыл отар болған жерлерін біртіндеп қайтару арқылы әскери тұрғыда алға жылжыды. Ал Арменияның бұл жағдайда әскери әлеуетінің жайы байқалғандай. Сол себепті Армения әуел бастан қақтығысты ұлғайтқысы келді. Армения үкімет басшысы бұл процеске басқа елдердің, әсіресе Ресейдің қатысқанын қалады. Осылайша олар атысты тоқтату туралы декларация жасауға тырысты. Бұл үшін қақтығыс аумағынан тыс азаматтық нысандарға тоқтаусыз шабуыл жасады. Әрине, қақтығыс аумағында жеңіліс тапқаннан кейін мұндай әрекеттерімен назарды басқа жаққа бұра аламыз деп ойлады.

Ресей неге әрекетсіз көрінді?

Путин Пашинянмен кездесті. Па­шинян Кремьлге жақын Роберт Кочарян секілді саясатшыларды қа­­мауға алу арқылы Кремльдің қаһа­рына ұшыраған болатын. Ал қазір Ресей Пашинянды сынауда. Бәл­кім, Ресей Әзербайжанның Армения тарапынан жаулап алынған 5 аймағын (Агдам, Физули, Зенгилан, Холджавенд, Ходжалы) Әзер­бай­­жан армиясы қайтарып алғанға дейін күте тұрар. Екінші мүмкіндік – Пашинянның қызметінен босатылуы. Бұл процесте Арменияда сая­­си төңкеріс болуы да әбден мүм­­кін. Дәл осы кезде Ресей көзқа­ра­­сының тез өзгеруін күтуге болады. Көптеген ел, соның ішінде АҚШ пен Ресей атысты тоқтату туралы ше­шім қабылдағанымен қақтығыс ау­мағында 5 минут ішінде шешімі бұ­зылып жатты. Яғни, бұл мәселе атыс­ты тоқтату туралы қарарлар­мен шешілер болса, 27 жыл бұрын-ақ шешілер еді... 1994 жылдан бері Арменияның оккупациясында болған Таулы Қа­рабақтың кейбір жерлерінде жа­ры­лыстар болғанымен, оның айна­ла­сын­дағы 7 дәлізде (облыстарда) қақ­тығыстар қарқынды жалғасуда. 1 ай ішінде Әзербайжан Қарулы күш­тері 4 аймақты (Жабраил, Физули, Губадлы, Зенгилан) алып үл­герді. Соңғы айда екі жақтан да сар­баз­дар мен бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген бейбіт тұрғынның жарақат алғаны белгілі болды. Әсіресе, Армения Әзер­бай­жан­ның Гянджа мен Барда, Тертер ау­мақтарына шабуылдау арқылы 65 бейбіт тұрғын қаза тауып, 300-ден астамы жараланды. 1994 жылдан бері ара-тұра жүр­гізіліп келе жатқан келіссөз­дер­де Әзербайжан жағы Армения ар­миясы орналасқан шамамен 7 мың шаршы шақырымдық 7 ай­мақтан кетуін талап етіп келді.