Тұмауға қарсы вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді – АҚШ ғалымдары

Тұмауға қарсы вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді – АҚШ ғалымдары

Тұмауға қарсы вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді – АҚШ ғалымдары
ашық дереккөзі
Соңғы бір жылда тұмауға қарсы вакцина салдырған адамдар коронавирусты жеңіл өткереді. Арнайы зерттеу жүргізген Флорида университетінің ғалымдары осындай қорытынды жасады. Мамандардың ғылыми зерттеуін «American Board of Family Medicine» журналында жарияланды. Зерттеуге 18 жастан асқан 2 мыңнан астам адам қатысқан. АҚШ ғалымдары келтірген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, вакцина егілмеген науқастар ауруханаға 2,5 есе жиі жатқызылған және жансақтау бөліміне 3 есе жиі түсіпті. Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар күннің суытуы коронавирустың таралуына қалай әсер ететінін айтқан еді. Сарапшылардың пікірінше, коронавирус төмен температурада қатып қалады, алайда жылы ортаға түскенде қайтадан белсенділігі артады. Сондай-ақ, бұған дейін ғалымдар өлімге әкеліп соғатын тағы бір қатерлі ауруды анықтаған болатын. Мамандардың сөзінше, VEXAS деп аталатын дерт бұрын дәрігерлер өзара байланыстырмаған бірнеше синдромды біріктірген. Мәселен, бұл ауруға шалдыққандардың көпшілігінде өкпе тіні мен шеміршек тіні зақымданады.