Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығуы өтеді

Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығуы өтеді

Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығуы өтеді
ашық дереккөзі
5-6 қараша аралығында елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі. Жаттығудың басшылық штабы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығының ахуал залында орналасады . «Қыс-2020» жаттығуы аясында республика бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдары төтенше жағдайды жою бойынша іс-қимылды пысықтап, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жүргізеді.