Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіпкерлік негіздері үйретіледі

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіпкерлік негіздері үйретіледі

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіпкерлік негіздері үйретіледі
ашық дереккөзі
Елордада жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі. Тегін оқу курстарына жіберіліп, қайтарымсыз гранттарға ие болады. Бас қалада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба осыны көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мақсат - мектеп-интернатты тәмамдаған өрендерді қамқорлықсыз қалдырмау, қоғамда өз орындарын табуына көмектесу. Қазірдің өзінде жобаға 250-ге жуық бала қатысып, әлеуметтік мәртебесін айқындады. Енді мұқтаждықтарына қарай қолдауға ие болады. Әсіресе кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні түсіндіріледі. "Бұл жерде өз кәсібімді бастаймын дегендер болса, мемлекет тарапынан берілген тетіктер бар. «Атамекен» ҰКП-нің «Бастау» бағдарламасы сияқты бағдарламалар ұсынылған. Солардың аясында тегін оқыту, тегін шеберлік сыныптарға бару, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар алу және оларға қол жеткізу әдістері түсіндіріледі", - дейді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.