Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК ертең, 5 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 5-7 қарашада Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Кей жерде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болжанады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с артады.