Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ертең, 5 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

5-7 қарашада Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Кей жерде тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с артады.

 

Back to top button