Жаңалықтар

Елімізде коронавирусты қайта жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Батыс Қазақстан облысында коронавирусты қайта жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова мәлімдеді.

«Пандемия басталған кезде, сәуір айында науқас коронавирусты алғаш рет жұқтырған. Екінші рет тамыз айында ауруханаға түсті. Науқас ауруханада екі рет ем қабылдады», – деді ол.

Бұл –  республикада ресми түрде тіркелген коронавирусты қайта жұқтырудың жалғыз жағдайы.

Back to top button