Измирде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Измирде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Измирде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды
ашық дереккөзі
Түркияның Измир қаласында болған жер сілкінісі салдарынан опырылып құлаған тұрғын үйлер маңында бес күнге жалғасқан іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Бүгін жер сілкінісі салдарынан қатты зардап шеккен 17 тұрғын үйдің қирандыларын арнайы техникамен жинастыру жұмыстары басталмақ. Естеріңізге сала кетейік, 30 қазан күні Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Сонымен қатар Стамбул және Грекия астанасы Афины қаласында да жер асты дүмпуі сезілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Измирде болған зілзала салдарынан 114 адам қайтыс болды, жарақат алғандар саны – 1 035 адам.