Алматы облысында 1,2 млн тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

Алматы облысында 1,2 млн тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

Алматы облысында 1,2 млн тұрғын газбен қамтамасыз етіледі
ашық дереккөзі
Жыл соңына дейін Алматы облысының 57 пайыз тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні газ облыстың 15 ауданы мен қаласына жеткізіліп, 144 елдімекенге газ тартылды. Алайда Алматы облысында газ жеткізілмеген тағы бес аудан бар. Бүгінде «Ақсу - Сарқан - Үшарал», «Шелек - Кеген - Нарынқол» бағытындағы газ құбырлары құрылысының құжаттары дайындалып жатыр. Құрылыс жұмыстары жүзеге асқаннан кейін тағы 300 мың адам газбен қамтылатын болады.