Қоғам

Елбасы кітапханасы мен БҒМ меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Аталған құжат Елбасының идеялары мен бастамаларын ілгерілетуді, бірлескен мәдени-білім беру, ғылыми-ізденіс жобаларды іске асыруды көздейді. Меморандум аяғындағы негізгі серіктестік зерттеу бағдарламаларын, ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, ақпарат алмасуға негізделеді.

– Ынтымақтастық меморандумы Тұңғыш Президенттің жаһандық идеялары мен ішкі және сыртқы саясат бастамаларына ақпараттық-имидждік қолдау көрсетуге, Қазақстанның дамуына, жалпы әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға қосқан Елбасының үлесін жан-жақты зерттеуге бағытталған жұмысымызды күш жұмылдырады атқаруға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Ә.Рахымжанов.

– Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында еліміздің тарихы тұнып тұр. «Рухани жаңғыру» атты Елбасы бағдарламасы негізінде балалар соңғы технологиялармен жабдықталған мекемеде құнды ақпаратпен білімін тереңдете түседі. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылды. Жауапты іс жалғасын таба бермек. Музейге мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарының білім алушылары келетін болады. Дөңгелек үстел, симпозиум, конференция сияқты шаралар өткізіледі. Жоспарланған жұмыс ауқымы үмітті ақтайтынына сенемін, – деді Асхат Аймағамбетов.

Back to top button