Қарағанды облысында ауылдарға интернет тарту үшін базалық станса орнатылуда

Қарағанды облысында ауылдарға интернет тарту үшін базалық станса орнатылуда

Қарағанды облысында ауылдарға интернет тарту үшін базалық станса орнатылуда
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында интернетке қол жеткізу проблемасы бар ауылдарда базалық стансалар орнатылып жатыр. Елдімекендерді сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Бірінші кезеңде он ауыл қамтылды. Жабдықтар олардың бесеуіне орнатылды. Атап айтқанда Жаңаталап, Байқадам, Керней, Үміткер және Андрейниковка ауылдары. Тасшоқы мен Жаңақалада жұмыс басталып кеткен. Осы аптада Центральное, Баймырза және Белағаш елді мекендерінде орнату аяқталады. Бұл ауылдарда жиыны 12 327 адам тұрады. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, 47 елді мекенде кең жолақты интернет бар. Жалпы алғанда аудан халқының 83,8% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс әлі де жалғасатын болады. Базалық стансаларды тағы 12 ауылға орнату жоспарланып отыр.