KASE: доллар арзандады

KASE: доллар арзандады

KASE: доллар арзандады
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Таңертеңгі сауда-саттық мәліметінше, доллар бағамы 3 қараша кешімен салыстырғанда 1,19 теңгеге құлдырады, 1 доллар – 432,08 теңге. Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 433,3 теңге. Айта кетейік, АҚШ доллары осымен екінші күн қатарынан арзандап жатыр. Бұған дейін, ҚР Ұлттық банкі Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің айырбастау бағамына қатысты түсінік берген еді.