СҚО тұрғындары басқа өңірге ПТР-анықтамасыз шыға алмайды

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да ПТР тест анықтамасынсыз сыртқа шыға алмайтынын айтты.

«2020 жылдың 9 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан басқа өңірлерге шығатын жолаушыларда (әуе немесе теміржол арқылы) міндетті түрде ПТР тест анықтамасы (теріс) болуы керек. Соңғы 3 тәулікте өткен ПТР тестінің нәтижесі жарайды. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты емес», – дейді Сәдуақас Байғабылов.

Петропавл қаласындағы әуе ұшағына немесе вагонға кірген жолаушыларда коронавирус жоқтығы туралы ПТР тест анықтамасы болуы тиіс.

«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар пойызының тоқтауына тыйым салынды. Вагондар арасында жолаушыларға жүруге шектеу қойылды. Солтүстік Қазақстаннан ұшып келген әуе кемелері басқа өңірлерге қонған кезде жолаушылардың ПТР тестіден өткені-өтпегені тексеріледі. Пойыздарда сол тәртіп болады. Жолаушыларды шығарып бара жатқан адамдар әуежайға немесе темір жол вокзалына кіргізілмейді», – дейді ол.

Жолаушыны ПТР анықтамасынсыз апара жатқан тасымалдаушыға 1 600 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Back to top button