Қарағандыдағы санитарлық бекеттен өтуге ПТР-тест талап етілмейді

Қарағандыдағы санитарлық бекеттен өтуге ПТР-тест талап етілмейді

Қарағандыдағы санитарлық бекеттен өтуге ПТР-тест талап етілмейді
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына түзету енгізілді. Енді өңірде орнатылған үш санитарлық бекеттен өту үшін ПТР-тест талап етілмейді. «Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №41-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 03.11.2020ж. №42-қ қаулысына сәйкес Қарағанды облысы аумағына/аумағынан санитариялық бекеттер арқылы кіру/шығу кезінде propusk.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Сонымен қатар санитариялық бекеттерден өту (кіру/шығу) кезінде ПТР тест талап етілмейтіндігі туралы хабарлаймыз», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 4 қарашада сағат 00-де сыртқы шекараларға кіруді/шығуды бақылау үшін үш санитарлық бекет жұмысын бастайтыны туралы хабарланған болатын. Елде аурудың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде келесі бағыттар бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды: 1. Қызылорда - Павлодар а/ж (Молодежный кенті маңында); 2. Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау-Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында); 3. Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының 271-ші шақырымы, Семей қаласы бағытында (Кентөбе кенті маңында).