COVID-19: Қытайға шетелден індет тасымалдаушылар көбейді
COVID-19: Қытайға шетелден індет тасымалдаушылар көбейді
Қытайға шетелден коронавирус тасымалдаушылар саны артты. Бір тәулікте індет жұқтырған 90-нан астам адам ел аумағына кірген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, олардың 48-і – симптомсыз науқас.
Елде эпидемиологиялық ахуал қайта ушықпас үшін билік халықаралық рейстерді қысқарту туралы шешім қабылдады.
Биыл жазда Қытайда жаңа заң қабылданған болатын. Оған сәйкес борттардың бірінен 5 адамнан артық жолаушыдан коронавирус анықталса, ұшақ тиесілі әуе компаниясы бір аптаға, ал 10-нан асса, 4 аптаға дейін жолаушы тасымалдауды тоқтатуға тиіс.
Айта кетейік, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 9 қарашадан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, Қазақстанға визасыз келу режимін 2021 жылға дейін тоқтатылатын болды.