Венадағы теракт құрбандарының саны 5 адамға жетті

Венадағы теракт құрбандарының саны 5 адамға жетті

Венадағы теракт құрбандарының саны 5 адамға жетті
ашық дереккөзі
Вена орталығындағы лаңкестік шабуыл құрбандарының саны 5 адамға жетті. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Heute хабарлады. Бұған дейін теракт салдарынан төрт адамның көз жұмғаны хабарланған. Басылымның дерегінше, ауыр жағдайда жатқан 21 жастағы жігіт те қайтыс болды. Жарақаттанғандар саны – 17. Еске сала кетейік, кеше Австрия астанасы Вена орталығында бірнеше нысанға лаңкестік шабуыл жасалды. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, оның біреуін полиция атып өлтірді, енді сыбайластарын іздеп жатыр. Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ. ҚР Президенті  Венадағы лаңкестік шабуылға қатысты пікір білдіріп, халықаралық қоғамдастықты терроризмге қарсы күш біріктіруге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды.