Жаңалықтар

"Қайрат" 16 жылда алғаш рет ел чемпионы атанды

ашық дереккөзі

"Қайрат" 16 жылда алғаш рет ел чемпионы атанды

"Қайрат" командасы футболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Бүгін, 3 қарашада алматылық команда шымкенттік "Ордабасыны" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу есебін 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан Қазақстан чемпионы деген атақты "Астана" командасы иеленіп келген. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр.