Жаңалықтар

«Қайрат» 16 жылда алғаш рет ел чемпионы атанды

«Қайрат» командасы футболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Vesti.kz

Бүгін, 3 қарашада алматылық команда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу есебін 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты.

Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан Қазақстан чемпионы деген атақты «Астана» командасы иеленіп келген. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр.

 

Back to top button