Жаңалықтар

«Нұрлы жер»: 3 жыл ішінде 89 мың отбасы баспаналы болды

ашық дереккөзі

«Нұрлы жер»: 3 жыл ішінде 89 мың отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 89 мың отбасы баспаналы болды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. Бағдарлама іске асырылған 3 жылдың ішінде 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй және 330 мың баспана салынды. Шамамен 89 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Оларға қолжетімді тұрғын үй және жеңілдікті қарыз берілді«, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, осы жылдардың ішінде тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн теңгеден астам қаражат инвестицияланды. «Шамамен 919 млрд теңге мемлекеттік инвестиция «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға жұмсалды. Салынған мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне 6 теңге жеке инвестиция салынады. Бұл бағдарламаның тиімділігін білдіреді», - деді Мархабат Жайымбетов.