Әскерден қашқандар жазасын алады

Әскерден қашқандар жазасын алады

Әскерден қашқандар жазасын алады
ашық дереккөзі

Сәуір айының алғашқы күнінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске жаңа бап енгізілмек. Жаңа бап әскерге барудан жалтарған азаматтарға қатысты. Әскерге барудан қашып, түрлі салада қызмет етіп жүрген азаматтар үшін жаңа заң талаптары біраз қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені енді барлық кәсіпорын басшылары қарамағында жұмыс істейтін азаматтары жөнінде әскери комиссариатқа толық ақпарат өткізіп отыруы тиіс. Бұл талапты орындамаған басшылардың өзіне айыппұл салынады. Әскерге шақырту жасындағы жастар туралы дұрыс ақпарат бермеген ұйым басшысына 10 айлық есептік көрсеткішінде айыппұл салынады және бұл айыппұлдың жоғары шектік көрсеткіші 40 айлық есептік көрсеткішке дейін жетпек. Статистикалық деректер бойынша азаматтық борышын өтеуі қажет жігіттердің берген мекен жайларының тексеру барысында тек екеуі ғана расталады екен. Сондықтан да Қорғаныс істері департаменті осындай қадамға барып отыр. Жаңа заң тармақтарының оң нәтиже беретініне заңгерлер де сенімді. Әскери комиссариат қызметкерлері әскерге барғысы келмеген азаматтар үшін Қылмыстық кодекс бойынша да жауапкершілік қарастырылғанын да ескертіп өтті. Қылмыстық кодекс бойынша Отан алдындағы борышын өтеуден қашқандар 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.