Түркия НАТО ұйымынан шығуы мүмкін

Түркия НАТО ұйымынан шығуы мүмкін

Түркия НАТО ұйымынан шығуы мүмкін
ашық дереккөзі

Егер НАТО алдағы уақытта Түркияға көмек беруді доғарса, мемлекет ұйым мүшелігінен бас тартуы мүмкін. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді.

Министрдің сөзіне сүйенсек, НАТО Түркиядан айрылса, бұған Түркияның Ресеймен, Қытай және Таяу Шығыспен жақындасуы емес, НАТО-ның өз қателігі себеп. Мевлют Чавушоғлының пікірінше, жолы кесілген мемлекеттік төңкеріс кезінде НАТО Түркияға қолдау білдірген жоқ. Айта кетейік, Түркия Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, батыс және ислам әлемі арасындағы дәнекер ретінде бұл елдің басшысы НАТО-да жоғары беделге ие.

«Түркия – НАТО-ның біріккен бастамаларына қомақты үлес қосып жүрген бағалы одақтас. Мемлекет альянстың барлық талқылауларына толыққанды қатысады, соның ішінде қоғамға қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелердің шешімін табуға белсенді атсалысады» - делінген НАТО мәлімдемесінде. Мәлімдеме авторлары ұймның Түркиядағы төңкеріс жасау әрекетін айыптайтынын жеткізген болатын. Еске сала кетейік, 16 шілде күні Түркияда белгісіз күштер әскери төңкеріс жасамақ болды. Жат пиғылдылардың лаңы үкімет пен ел тұрғындарының көмегі арқылы басылды. Түркия Президенті төңкеріс жасау әрекетіне АҚШ-ты айыптады. 9 тамызда Ердоған Ресей президенті В.Путинмен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.