Күннің суытуы коронавирустың таралуына қалай әсер етеді – мамандар пікірі

Күннің суытуы коронавирустың таралуына қалай әсер етеді – мамандар пікірі

Күннің суытуы коронавирустың таралуына қалай әсер етеді – мамандар пікірі
ашық дереккөзі
Коронавирус төмен температурада қатып қалады, алайда жылы ортаға түскенде қайтадан белсенділігі артады. Сарапшылар осындай тоқтамға келді, деп жазады  РИА Новости Мамандардың пайымынша, суық мезгілде COVID-19 инфекциясының таралуы күшеюі мүмкін. Себебі ол уақытта адамның иммунитеті төмендейді. Күн суық кезде бөлменің аз желдетілуі, адамдардың жабық ғимарат ішінде көп жүруі де вирустың таралу қарқынын арттырады. "Температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады. Қатып қалған кезде вирус белсенді болмайды, бірақ жылы болған кезде қайта жанданады. Барлық инфекция осылай әрекет етеді", - дейді инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков. Вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейннің де пікірі осыған саяды. Маманның сөзінше, коронавирус ешқашан суықтан өлмейді, минус 196 градуста да, минус 20 градуста да жойылмайды. Альтштейн күннің суытуы адамдардың иммунитетін төмендетуі мүмкін екенін, ол аурудың таралуына да әсер ететінін атап өтті. "Суық ауа коронавирустың таралуына әсер етеді, өйткені салқын болған сайын адамдар терезені жауып, аз желдетеді. Көшеге қарағанда үй-жай ішінде көбірек уақыт өткізеді. Соған байланысты вирус адамдармен тығыз қарым-қатынас кезінде желдетілмеген жерде таралады", - дейді ғалым. Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар өлімге әкеліп соғатын тағы бір қатерлі ауруды анықтаған болатын. Ғалымдардың сөзінше, VEXAS деп аталатын дерт бұрын дәрігерлер өзара байланыстырмаған бірнеше синдромды біріктірген. Мәселен, бұл ауруға шалдыққандардың көпшілігінде өкпе тіні мен шеміршек тіні зақымданады.