БҚО-да 150 тонна шөп өртеніп кетті

БҚО-да 150 тонна шөп өртеніп кетті

БҚО-да 150 тонна шөп өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында 150 тонна пішен өртеніп кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қараша күні кешкісін Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды. Сағат 21.13-те «Жарас» агрофирмасы» шаруа қожалығының ашық алаңында үйілген 150 тонна шөбінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндірушілер пішеннің ық жақтағы бөлігін көшіріп, жанудан аман алып қалды. «Тілсіз жау» сағат 23.40-та оқшауланып, бүгін 00.18-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.