Мүлікті жария ету – 2 триллион теңге заңдастырылды

Еліміз бойынша өткен жылдың қыркүйегінен мүлікті заңдастыру акциясы басталғаны белгілі. Бұл жаңадан енгізілген бастама емес, әрине. Осы уақытқа дейін де мұндай шаралар мемлекетімізде екі рет жүргізілген болатын. Мүлікті жария етудің мүмкіндіктері туралы Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында да жан-жақты түсіндіріп бергенін айта кеткен жөн.

Мүлікті жария ету – көлеңкелі экономикамен күресте таптырмайтын шара. Әлемнің озық елдерінде қолданылатын бұл тәжірибе өз нәтижесін беріп келеді. Оған дәлел, 2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2 триллион теңгеге жеке мүлік пен қаражат заңдастырылды. Бұл науқан былтыр жыл соңына дейін жүзеге асуы тиіс болатын. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиiстi заңға қол қойып, шараны бiр жылға ұзартты. Ал акция басталғалы мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысқандар көп.

Жалпы, акция бойынша қонақүй, балабақша, спорт-сауықтыру кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, шағын зауыттар, сауда базалары, диірмен, наубайхана, сұлулық салоны сынды түрлі мақсаттағы нысандарын ресімдеп алуға өтініш берген азаматтар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржановтың айтуынша, Қазақстаннан тыс жерлердегі мүліктерін жариялағандар да аз емес.

Бұлар негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Қырғызстан, Қытай, АҚШ, Түркия, Чехия сынды елдердегі вилла, пәтер, тұрғын үй объектілері. Одан бөлек, Өзбекстандағы, Түркиядағы, Ресейдегі сауда үйлерін жария ету фактілері де бар, дейді ол. Сондай-ақ, біраз азаматтар Ұлыбритания, Швейцария елдеріндегі бағалы қағаздарын, компаниялардағы үлестерін жариялапты. Ел аумағынан тыс жерде жария етілген тұрғын үйлердің басым бөлігі Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан көрінеді. Коммерциялық нысандар бойынша біздің азаматтарды Түркия көбірек қызықтыратыны байқалады. Оған дәлел – 2 триллион теңгенің 4 миллиард 896 миллионнан астамын шет мемлекеттерден заңдастырылған қаржы мен мүлік құрап отыр.

Капиталға рақымшылық жасау Қазақстанда да, әлем елдерінде де бұрыннан бар тәжірибе. Қазақстанда бұл науқан осымен үшінші мәрте өткізіліп отырғаны белгілі. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 41-қадамында осы шараның рәсімдерін оңайлату мақсатында қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі айтылған болатын. Ержан Біржановтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңда жария ету үдерісін тежейтін барлық шектеулер алынып тасталған. Соның арқасында, науқанның жұмыс қарқыны еселеп артып, акцияның тек соңғы 8 айында шамамен 1,6 триллион теңге заңдастырылды. Оның алдындағы 15 айда бұл көрсеткіш 425 миллиард теңгені құрағанын ескерсек, заңнамадағы жеңілдіктердің айтарлықтай нәтиже бергенін байқауға болады. «Бұл акция салық базасының артуына себепші болды. Қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал етті. 93 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны анықталды, олардың 7 мыңға жуығы коммерциялық нысан», – дейді Ержан Біржанов.

Бүгінде әлем елдерінің көпшілігі мүлік пен қаржыны, табыс декларациясын жариялау сынды шараларға ерекше көңіл бөліп, бір-бірімен байланыс орнатуға тырысуда. Ал Қазақстан ше? Бұған тиісті мекеме мамандары не дейді? «Қазір біздің дерек қорымыз ұлғайды, себебі басқа мемлекеттердегі әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге көштік. Қазақстан азаматтарының шетелдегі мүлкі, банктердегі есепшоты туралы мәліметтер бізге түсіп тұрады. Яғни, оның табыс көзі қайда, мүлікті қалай алды деген сауалдар туындайды. Егер ондай азаматтар акцияға қатыспаса, кәсіпкерлікпен айналыспаса, шетелдегі әріптестерімізге сәйкесінше жауап береміз. Мүлікті жариялау акциясына қатыспаған азаматтар қолдарындағы қаражатты қайдан алғанын, жылжымайтын мүлікке қалай қол жеткізгенін тиісті құжаттармен көрсете алмаса, үстінен әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін», – дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаң¬ғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов.

Сондай-ақ, ол «Қазіргі уақытта заңдастыру аясында 2,3 триллион теңгеге 100 мыңға тарта өтініш келіп түсті. Ресми деректерге сүйенетін болсақ, 1 тамыздағы жағдай бойынша 2 триллион теңге заңдастырылған. Қалған сома тиісті органдардың қарауында», – деді. Оның сөзіне қарағанда, заңдастыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізілмей тұрғанда, заңдастырылған мүлік пен қаражат көлемі 460 млрд теңгенің шамасында ғана болатын. Ал Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 2015 жылы жария етілетін мүліктердің бағалық құны бойынша жалпы сомасы 907,8 млн теңгеге 12 өтініш түссе, ал 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 999 өтініш келген. Олардың ішінде 963-і бойынша жалпы сомасы 588,4 млрд теңгеге мүліктерді жария ету туралы шешім қабылданды. Яғни, жария етілген мүліктер мен ақшаның сомалық көрсеткіші – 720 есеге артқан.

2015 жылдың желтоқсанында енгізілген тиісті өзгертулерден соң, заңдастырылған қаражат сомасы 1,6 триллион теңгеге жетіп, науқан қарқыны 5 есеге артқан.

Мұндай мүмкіндік күнде туа бермейді

Мүлікті жария ету жөніндегі заң әлемдік тәжірибеде өзінің тиісті нәтижесін берген оңды шара болып табылады. Атап айтсақ, бұған дейін Еуропада, АҚШ-тың Калифорния сияқты штаттарында сәтті жүзеге асырылды. Яғни, жан-жақты зерделеніп барып қабылданған нормативтік-құқықтық акт десе де болады. Аталмыш заңның жаңа редакциясы мүлікті жариялау процедурасын түбегейлі жеңілдетіп, бюрократтық және қағазбастылыққа түбегейлі тосқауыл қоя білді.

Жыл соңына дейін ұзартылған акция шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың қандай жеңілдіктері мен ерекшеліктері бар? Мүлікті жария ету дегеніңіз – көлеңкелі экономиканың ықпалынан шыға алмай, мүлкі мен қаржысын заңды түрде ресімдемегендіктен, оны ашық түрде көрсетуге қорқып жүрген немесе басқа біреудің атына жаздырған субьектілерге жасалып отырған мүмкіндік. Мысалы, қазіргі уақытта жылжымайтын мүлкі мен қаржысын басқа біреудің атына жаздырып қойған, шетелдерде ұстап жүрген субъектілер аз емес. Солардың ішінде басқа біреудің атына жаздырған мүлкі мен қаржысын әлгіндейлерден өзі сенген адамы пайдаланып кеткен жағдайлар да кездеседі. Бұндай жағдайда басқа біреудің атына жаздырған мүліктің өзіңдікі екенін дәлелдеу оңайға түспейді, әрине. Бұған қоса, бизнесін басқа біреудің атына тіркетіп, жасырын қарекет жасап жүргендер де жетерлік. Міне, мүлікті жариялау осындай келеңсіздіктерге жол бермей, бәріне рақымшылық жариялап отыр.

Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, басқа біреудің атына ресімделген жылжымайтын мүлік, еліміздің территориясындағы ғимарат, шетелдегі жылжымайтын мүліктер мен қаржылар жария­лау арқылы заңдастыруға жатады. Осы орайда, пайдалану құқығы сотпен қаралып жатқан мүліктер, несиеге алынған қаражат, мемлекет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қаражатына салынған объектілер, жемқорлықпен байланыс­ты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпайтынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілгенімен, жылжымайтын мүліктерге байланыс­ты құжаттарды қабылдау уақыты 30 қарашада аяқталатынын ұмытпаған жөн. Ол үшін кез келген субъект осы заңда көрсетілген аз ғана талаптарды орындаса жеткілікті. Мысалы, Заңда қаржы мен мүлікті жария ету талаптары түбегейлі жеңілдетілген. Оның екі жолы бар. Бұл шара аталмыш заңның 8-бабының (ақшаны жария етуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі жөніндегі жалпы ережелер) талаптары негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, қаржының иесі тиісті қаражатын екінші дәрежедегі банктегі немесе Ұлттық пошта операторындағы жинақшоты арқылы көрсеткен жағдайда, 10 пайыздық алым алынбайды. Қаражатты банкке салған күннің ертесінде-ақ өзінің қажетіне жұмауына, инвестиция құралы ретінде пайдалана беруге, құнды қағаздар сатып алуға, т.б. құқылы. Ал енді екінші жағдайда субъект шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы қаражатын банкке салмай-ақ, арнайы декларацияда көрсету арқылы да жария етуіне болады. Бұндай жағдайда он пайыздық алым алынады және арнайы декларацияны жергілікті мемлекеттік кіріс органына тапсыру міндетті болып табылады. Сонымен қатар ақша ұлттық және шетел валютасында екінші деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады. Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген кезде екінші деңгейдегі банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне аударылған ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді. Арнайы декларация мен анықтама мүлікті жария етуші субъектінің заң алдында өзін кез-келген заңсыз әрекеттерден қорғайтын негізгі құжат болып табылады. Тағы да бір ескере кететін жайт – тиісті тәртіппен жария етілген ақша мен жылжымайтын мүлік аталмыш заңның 10-1 бабының (Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау) талаптары негізінде табыс салығын салуға негіз болып танылмайды.

Ал жылжымайтын мүлікті заңды түрде жария етудің жеңілдетілген шараларына тоқталсақ, еліміздің территориясында тиісті талаптарға сай ресімделген жылжымайтын мүліктерді заңдастыру кезінде он пайыздық алым алынбайды. Осы айырмашылықты көп адамдар біле бермейді. Он пайыздық алым тек шетелдегі жылжымайтын (оның ішінде басқа біреудің атына жазылған) мүлікті заңдастыру кезінде ғана алынады. Он пайыздық алым мөлшері жылжымайтын мүліктің арнайы декларацияда белгіленген құнынан өндіріледі. Және де тағы бір ерекшелік – мүліктің құнын субъектінің өзі анықтайды. Ол үшін тұрғылықты жер бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тиісті құжаттар мен арнайы декларацияны тапсырса жеткілікті. Бұған қоса, өткен жылдарда тапсырған жеке табысты мәлімдеген декларация­ларда жасырып қалған мәліметтер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының талаптары негізінде де жауапкершілікке тартылмайды.

Дүние-мүлікті заңдастыруға байланысты шара жұртшылық тарапынан бірден қолдау тапты деп айту қиын. Алғашқы кездері акцияның кібіртіктеп басталғаны рас. Тіпті, оған күмәнмен қарайтындар да аз болған жоқ. Ал бүгін мүмкіндікті тиімді пайдаланғандар мүлкін заңдастыруға асық.

 

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
5251bbdb 4a59 4536 889e 63b2fb5328f3

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін...
a3a9d88b 33df 4d42 961f b15780fd18ca

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге...
190826165412728e

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға...

Жаңалықтар

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...