СҚО-да дүкен тонамақ болған жасөспірімдер ұсталды

СҚО-да дүкен тонамақ болған жасөспірімдер ұсталды

СҚО-да дүкен тонамақ болған жасөспірімдер ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында үш жасөспірім дүкенге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қарашаға қараған түні полицияға Тайынша ауданы Келлеровка елдімекенінің тұрғыны арызданған. Ол өз дүкенінің терезесінен шам жарығын байқапты. Шақыртуға учаскелік полиция инспекторы және оның көмекшісі келген. Олар оқиға орнында 15 және 14 жастағы екі жасөспірімді ұстады, ал үшіншісі полицейлер келген кезде ізін суытқан. Ол Тайынша ауданы орталығының 15 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасөспірімдер дүкенге терезені бұзып кірген. Қашқан кезде балалардың бірі түрлі тауар салынған сөмкесін қалдырып кеткен. Сөмкенің ішінде 6 блок сигарет, бір түйіншек қара темекі және 19 қорап сағыз болды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және «Ұрлық» баптары бойынша енгізілді. Жасөспірімдер ата-аналарының кепілгерлігімен босатылды. Олар балаларының әрекеттері үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Осындай фактілердің жасалуына жол бермеу үшін ювеналдық полицейлердің жұмысы күшейтілді. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары аудан кәсіпкерлеріне бизнес нсынадарын техникалық нығайту туралы ұсыныс хаттар жолдайды. Дабылқаққыш пен бейнебақылау камералары – ұрлықтың алдын алудағы тиімді шара. Тәжірибе көрсеткендей, ұрылар заманауи техникалармен жабдықталған дүкендерге түсе қоймайды», - дейді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов. СҚО-да жыл басынан жасөспірімдер 30 қылмыс жасаған. Оның басым бөлігі – ұрлық.