Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 98 болды

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 98 болды

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 98 болды
ашық дереккөзі
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 98 адам болды. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады  Анадолы Жарақат алған 994 адамның 847-сі ауруханадан жазылып шықты, 147 адам ем қабылдауда. Измирде қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте. Бұған дейін құтқарушылар Измир қаласында қирандылардың астында үш күн жатқан жатқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарған еді. Элиф Перинчек – Түркияның батысында болған зілзаладан соң құтқарушылар аман алып шыққан 106-шы тұрғын.