Жаңалықтар

Германияда «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды

ашық дереккөзі

Германияда «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды

«Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Берлин қаласында (Германия) «Абай» мәдени-іскерлік үйі салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.